Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
«Шолпан» бөбекжай-балабақшасы.
«Шолпан» бөбекжай — балабақшасы 1980 — жылдан бастап жұмыс істеп келеді . «Шолпан» бөбекжай- балабақшасы 2 корпустан тұратын типтік ғимаратта орналасқан. Бақша ауласы темір бетон мен қоршалған, көгалдандырылған. Бау бақша, розарии, сәндік ағаштар, гулбақшасы, жеміс ағаштары бар. Балалар ойнайтын 12 көлеңкелі бастырмалар( беседкалар) бар. Балабақшада барлығы – 12 топ жұмыс істейді .
Балалар саны -320. 10 -топта қазақ тілінде ,2 топта орыс тілінде жүргізіледі. Балабақшада оқу- тәрбие қызметін мемлекеттік құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын негізге ала отырып,барлық топтар «Үлгілік бағдарламасы» арқылы жүзеге асырады. Бақша ұжымы еңбексүйгіш, ұйымшыл және тәжрибелі мамандармен толыққан.
Балабақшаның басты міндеті —
«Жан –жақты дамыған, бойында ұлттық сана ,ұлттық салт –дәстүр қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу».
Балабақша мекемесінде : әдіскер, психолог, ән-күй жетекшілері, дене шынықтыру нұсқаушылары, дефектолог мұғалімдері ,орыс және қазақ тілі пән мұғалімдері ,мейірбике, диетмейірбике және т.б.қызметкерлер жұмыс жасап,өздеріне тиесілі қызмет түрлерін көрсетеді. Балабақшада бала жасына сай жеке арнайы жабдықталған ойын бөлмесі, жатын бөлмесі, қабылдау бөлмесі, дәрігерлік қарау,оқшаулану бөлмесі,асхана,кір жуу бөлмесі, қойма бөлмелері және жазғы бассейн бар.
Педагогтар саны – 42
Жоғарғы білімділер саны -38
Арнаулы орта -4
Педагог –зерттеуші-12;
Педагог-сарапшы-9;
Бірінші санатты -9;
Екінші санатты -9;
Санатсыз-1
Біздің мақсатымыз :
«ХХІ-ғасырдағы бала тәрбиесін қолға алған соң, Баланы сүйе білу, жүрегін аялап, мейірім, махаббат, қайырымдылық, ізгілік нұрын бала бойына құя білу,
бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу»
«Шолпан» бөбекжай- балабқшасының мекен жайы: Қазығұрт елді мекені.
Абдалиев көшесі № 74
Телефоны: 2-18-71
Оқыту тілі: Қазақ, орыс тілдері.
Материалдық техникалық базасы:
Салынған жылы- 1980 ж.
Ауданы- 2174,7 ш.м.
Қуаты- 360 бала.
Балабақша көлемі- 9527, 65 ш. м.
Балалар төлем ақысы- 8000 теңге.