БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Бақша жетістіктері

 

Садик Шолпан

 

Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы

 Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шолпан» бөбекжай — балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны заңды тұлға ретінде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт аудандық әділет басқармасында 2001 жылғы 27 шілде бизнес сәйкестендіру 010740003338 нөмері және №351-1959-08-НАО-МК  нөмерімен тіркеу берілген.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің  2011 жылғы 18 қарашадағы   №1353 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының    21-тармағына сәйкес «Қазығұрт ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шолпан» бөбекжай — балабақшасы МКҚК-нің меңгерушісі лауазымына Қазығұрт ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2016 жылғы 25 қаңтардағы  №16 бұйрығы негізінде  Ногаева Саяра Алхаркызы  тағайындалған.

«Шолпан» бөбекжай — балабақшасы Қазығұрт ауданы бойынша мемлекеттік санитарлық –эпидемиологиялық қадағалау басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің 30.12.2011 жылғы №1684 қаулысымен бекітілген.

1)Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық қағидаларына сәйкес келеді және 2014 жылдың 03 наурыз айындағы №63 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.

2)ҚР ДСМ 17.08.2017 жылғы № 615 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларына  сәйкес келеді және  2016 жылғы  27 маусым  айындағы №129 санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы берілген.

Балабақша  өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын,

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін, «Білім туралы»              Қазақстан Республикасының Заңдарын, Еңбек Кодексін т.б. нормативтік – құқықтық  актілері, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымының жарғысын басшылыққа алады.

Қазығұрт ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Шолпан» бөбекжай — балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Жарғысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің Қазығұрт аудандық басқармасының 2001 жылғы 27 шілдедегі алғашқы тіркеу күніндегі құжаты 2021 жылдың 03-ақпанындағы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы №351-1959-08-НАО-МК тіркеу нөмері және БСН 010740003338 бизнес сәйкестендіру нөмеріне сәйкес анықтамасы берілген.

Жұмыс мемлекеттік тілде жүргізіледі. Жобалық қуаттылығы 320 орын, сыйымдылығы 320 балаға арналған 12 топ  ұйымдастырылған, онда тізім бойынша бала саны 320 құрайды. Арнайы спорт залы, әр топқа екі толық жабдықталған бөлмелер мен тазалық гигиеналық орындары бар. Аула өсімдіктермен көгалдандырылған, таза ауада ойнап, өсу жағдайы қарастырылған, ойын алаңы, серуендеуге арналған аяқ жолдар бар.  Жылу, телекоммуникация, су тасымалдау жүйелері, толық талапқа сай қарастырылған. Жұмыс уақыты 10,5 сағат (8.00-18.30 дейін) 5 күндік. Арнайы  дене шынықтыру бөлмесі, асхана бар. Шаруашылық бөлмелер, от жағу және кір жуу бөлмелері бөлек ғимаратта орналасқан. Ас дайындау, кір жуу бөлмелері, азық-түлік сақтау қоймалары қажетті техникалық құралдармен жабдықталған.

Балабақшада  оқу-тәрбие жұмысын 42 педагог атқарады, оның барлығының жоғары педагогикалық(38),  және арнаулы орта  білімдері (4)  бар.

Жалпы мәліметтер

  1. Мекен жайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы Қ.Абдалиев 74 көшесі. Индексі: 160300
  2. Телефон: 8 725 39 2 18 71  E-mail:  ds.sholpan@mail.ru
  3. Балабақша атауы: Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шолпан» бөбекжай – балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

БСН: 010 740 003 338

Заңды тұлға мемлекеттік қайта тіркеуден 2021 жылдың 3 ақпанында өткен. Алғашқы мемлекеттік тіркеу күні: 2001 жылғы 27 шілде

  1. Қызметті жүзеге асыру туралы хабарламасының

№ KZ316010291000033524  KZT;

№ KZ526010291000023737  KZT;

берілгені күні: 03.02.2016 ж.

  1. Ғимараттың салынған жылы: 1980ж
  2. Оқыту тілі: қазақ тілі, орыс тілі
  3. Жер көлемі: 0,91751 га.
  4. Ғимараттың ауданы: 2455,1 ш.м.
  5. Пайдалануға берілген уақыты 10 қазан  1980 жылдан
  6. Тұрғын емес үй-жайдың ауданы: —
  7. Ғимараттың түрі: Типтік, екі қабатты ғимарат

Жобалық қуаты: 320 орын

Кадрлар құрамы туралы мәлімет

Балабақшада 2021-2022 оқу жылында оқу тәрбие жұмысын 42 — педагог атқарады: 38-жоғары  білімді, 4- арнаулы орта білімді. Педагог кадрлардың барлығы  штаттық  жүктемемен жұмыс жасайды.

Меңгеруші-1,0

Әдіскер-1,0

Орыс тілі мұғалімі-1,75

Дене шынықтыру  нұсқаушысы-1.5

Тәрбиешілер-28,75

Музыка жетекшісі-1,5

Педагог-психолог-0,5

Логопед-1,0

Хатшы -0,5

 

 

Аттестаттаудан өткен педагог кадрлар

Жұмысқа қабылдау Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Кодексіне сәйкес жүргізіледі. Жеке еңбек келісім-шарттарының мазмұндары талаптарға сай.

Білім бойынша:

Жоғары білім-38

Арнаулы орта білім — 4

Аттестация бойынша:

Шебер-0

Жоғарғы санат-1

Зерттеуші-13

Сарапшы- 9

Модератор-0

Бірінші санатты — 7

Екінші санатты- 9

Санатсыз-3

2017-2018 оқу жылында педагогтар саны – 50, жоғары санатты – 8,(16%), бірінші санатты – 19, (38% ) екінші санатты – 20 (40 %)  ,санатсыз – 3   (6 %)

2018-2019 оқу жылында педагогтар саны – 52, жоғары санатты – 10 , (19,2 %) ,бірінші санатты –19 , (36,6% ) екінші санатты – 20 ,(38,4)  санатсыз – 3,   (5,8%).

2019-2020 оқу жылында педагогтар саны – 49 , жоғары санатты — 9,(18,3,% ) бірінші санатты – 19, (38,7% ) екінші санатты – 20 ,(41% ) , санатсыз – 1.(2 %)

 2020-2021-оқу жылында педагогтар саны – 50 , жоғары санатты — 9 ,(18% ) бірінші санатты – 19 , (38% ),  екінші санатты – 21, (42% ), санатсыз – 1.(2 %)

 

  2021-2022 оқу жылында педагогтар саны – 42, жоғары санатты — 1,(2,4% ) бірінші санатты – 7,(16,7 %) , екінші санатты – 9 ,( 21,4% ) , педагог – сарапшы — 9  ,( 21,4 %) педагог – зерттеуші  -13, (31% ) санатсыз – 3   (7,1%)

Педагогикалық кадрларды аттестациядан өткізу ережесіне сәйкес  жұмыстар ұйымдастырылған, құжаттары  жүйелі жинақталған.

Педагогтардың үздіксіз  біліктілігін арттыру  мақсатында  облыстық педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру  және қайта даярлау  орталықтары арқылы  ұйымдастырылған курстарға қатыстырылып  отырылады. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру  және қайта даярлау курстарынан өтіп отыруы әкімшілік тарапынан қадағаланады.

Тәрбиеленушілер контингенті:

Оқу жылы 2017-2018 оқу жылы 2018-2019 оқу жылы 2019-2020 оқу жылы 2020-2021 оқу жылы 2021-2022 оқу жылы
Тәрбиеленушілердің саны 325 295 287 300 320

 

 

2020-2021оқу жылында:

 

р/с

Тобы Топтың саны Балалардың саны
1 Ерте жас тобы  «Айналайын» 18
2 Кіші тобы  «Жауқазын» 25
3 Ортаңғы топ «Айгөлек» 25
4 Ортаңғы топ «Балбөбек» 25
5 Ортаңғы топ «Күншуақ» 24
 6 Аралас тобы «Балдәурен» 24
7 Ересектер тобы «Жұлдыз» 22
8 Ересектер тобы «Ақ тілек» 26
9 Ересектер тобы «Ақ қайың» 28
10 Мектепалды даярлық тобы «Балдырған» 26
11 Мектепалды даярлық тобы «Ромашка» 29
12 Мектепалды даярлық тобы «Солнышко» 28
Барлығы 12 300

 

2021-2022 оқу  жылында:

р/с

Тобы Топтың саны Балалардың саны
1 Ерте жас тобы  «Айналайын» 30
2 Кіші тобы  «Жұлдыз» 27
3 Кіші тобы «Балдырған» 28
4 Кіші тобы «Солнышко» 27
5 Ортаңғы топ «Жауқазын» 29
 6 Ересектер тобы «Күншуақ» 26
7 Аралас тобы «Балдаурен» 14
8 Ересектер тобы «Айгөлек» 30
9 Ересектер тобы «Ақ тілек» 27
10 Ересектер тобы «Балбөбек» 30
11 Мектепалды даярлық тобы «Ақ қайың» 24
12 Мектепалды даярлық тобы «Ромашка» 28
Барлығы 12 320

 

Мектепке дейінгі мекеменің жалпы мінездемесі:

«Шолпан» бөбекжай — балабақшасы, Қазығұрт ауданы әкімдігінің білім бөлімінің  2016 жылғы 25 қаңтардағы №16 қаулысымен бекітілген, Жарғыға негізделіп жұмыс істейді. (көшірмелері қоса тіркеледі)

Балабақшаның  қызметі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиялық  қызметімен келісілген. (көшірмелері қоса тіркеледі)

«Шолпан» бөбекжай – балабақшасының өртке қарсы қауіпсіздігі Қазығұрт ауданы төтенше жағдайлар бөлімі  талаптарына толық сәйкестігі туралы қорытынды жасалған. (көшірмелері қоса тіркеледі)

«Шолпан» бөбекжай – балабақшасы төмендегі бағыт бойынша оқу-тәрбие жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді:

  1. Балаларды оқу-тәрбие іс-әрекетін жобалау технологиясы негізінде ұйымдастыру балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру көзделеді (айнала қоршаған дүниедегі мәдениеттілік, ізетті балалар ортасы, әдепті де тәртіпті қарым-қатынас, жағымды атмосфера, арнайы өтілетін оқу іс-әрекеттері балалардың эстетикалық талғамдарын арттырады).
  2. Балалардың денсаулығын сақтау бойынша балалардың денсаулығын балалар дәрігері үнемі бақылап отырады, невропатолог, хирург, окулист, психотерапев, психолог, т.б. маман дәрігерлердің медициналық тексеруінен жүйелі түрде жылына бір рет өтеді. Балабақшада емдеу-сауықтыру шаралары, дене тәрбиесі, шынықтыру шаралары өтілуде. Балаларға төрт мезгіл тамақ және бесін астың  уақытта қосымша дәрумендері бар тағамдар беріледі ( жемістер және дәруменді шырындар).
  3. Балабақша балалардың психологиялық саулығына көп көңіл бөлініп келеді. Психолог бөлмесі балаларды психологиялық тұрғыдан дамуына бағытталған құрал-жабдықтармен жабдықталған. Балалармен жеке жұмыстар жүргізуге  үнемі көңіл бөлінеді.
  4. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытып, эстетикалық талғамдарын дамыту бағытында бейнелеу өнері оқу қызметтеріне дәстүрден тыс әдіс-тәсілдер жиі қолданылады (құи терепиясы, дәнді-дақылдар, табиғат материалдар, эбро әдістері  т.б.)

Педагогтар бос уақыттарында балабақшаның  әдістемелік кабинетте  оқу қызметтеріне дайындалып, білімдерін жетілдіреді.

Балабақшада  арнайы ертеңгілікке балаларға киімдермен  жабдықталған. Балаларға ертеңгіліктер мен ойын сауықтарға, сахналық қойылымдарға арналған киімдер бар.

Балабақшада меңгеруші, 1,0 бірлікте, әдіскер 1,0 бірлікте; психолог 0,5; ән-күй жетекшісі 1,5; дене шынықтыру жетекшісі 1,5; медбике 1,5; емдәмбике 0,5; аспазшы 3;   тәрбиеші 28,75 ; тәрбиеші көмекшісі  15,15 ; логопед – дефектолог 1,0; есепші 1,5; шаруашылық жөніндегі орынбасар 1,0; хатшы 1,0; қоймашы 0,5; кір жуушы 2,0; күзетші 3,0; аула сыпырушы 1,0; еден жуушы 1,0: оператор 1,0; қызметкерлер бар.

«Шолпан» бөбекжай – балабақша мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеудің жалпы білімдік бағдарламасын іске асырады. Бір-бірімен сабақтас өтілетін тәрбие жұмыстарында баланың ой-өрісін, дүние танымын, сөйлеу тілін дамытады. Балалардың денсаулығы мен өмірін сақтауды қамтамасыз етуде. Ата-аналармен бірлесе отырып, баланың жас, даму ерекшілігін, айрықша қабілеттерін ескеріп, шығармашылығын дамытып, атадан балаға мұра болған халық қазанасын баланың жан дүниесіне дарытуда.

 

Балабақша  меңгерушісі:

Ногаева Саяра Алхарқызы — білімі жоғары, педагогикалық еңбек өтілі 16 жыл. Қазығұрт ауданы білім бөлімінің 2016 жылғы 25 қаңтарда №16 бұйрығымен «Шолпан» бөбекжай — балабақшасы  МКҚК меңгерушісі лауазымына тағайындалған.

 

Оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мінездемесі  Жұмыс тәртібі: Аптасына 5 күн; 10.5 сағат (8.00 – 18.30 )

 

Тәрбиелеу және оқыту жұмысын білікті педагог-мамандар ұйымдастырады: Меңгеруші, әдіскер, педагог-психолог, музыка жетекшісі, дене шынықтыру нұсқаушысы, орыс тілі мұғалімі,  медбике, логопед.

Педагог қызметкерлердің білім сапасы:

Барлығы педагог саны — 42

  • Білімі жоғары деңгейдегі мамандар – 38
  • Білімі орта деңгейдегі мамандар — 4
  • Мектепке дейінгі білімі бар педагогтар – 12
  • Біліктілігі жоғары санатты: — 1
  • Педагог- зерттеуші – 13 ;
  • Педагог –сарапшы- 9 ;
  • Біліктілігі бірінші санатты: — 7
  • Модератор-0
  • Біліктілігі екінші санатты: — 9
  • Санаты жоқ –3

Тәрбиеленушілер қызметіне:

  • дене шынықтыру залы;
  • медициналық бөлме;
  • медициналық оқшаулау бөлме;

 

  1. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар:

1) білім беру салаларының және ұйымдастырылған оқу қызметінің МЖМБС талаптарына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 557 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8275 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – МДТО ҮОЖ) сәйкестігі.  

Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Шолпан» бөбекжай — балабақшасы  МКҚК мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-тәрбиелік қызметін жүзеге асырады;

2017-2018 оқу жылында: «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына»; «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығының 1 қосымшасы;

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда мына ережелер мен ұсыныстар ескерілді:

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына 1-қосымша)

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы;

 

2018-2019 оқу жылында: «Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» туралы ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы №292 қаулысы; «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы №499 бұйрығымен бекітілген «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларына»; «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығының 1 қосымшасы;

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда мына ережелер мен ұсыныстар ескерілді:

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына 1-қосымша)

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы;

 

2019-2020 оқу жылында: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығы; «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 маусымдағы №391 бұйрығының 1 қосымшасы;  Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда мына ережелер мен ұсыныстар ескерілді:

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БҒМ 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына 1-қосымша)

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 17 тамыздағы № 615 бұйрығы;

 

2020-2021 оқу жылында: «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығына; «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 195 бұйрығының 1 қосымшасы;

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда мына ережелер мен ұсыныстар ескерілді:

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БҒМ

2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына 1-қосымша)

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҰР ДСМ-59 бұйрығы;

 

2021-2022 оқу жылында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мына құжаттар негізінде жүзеге асырылады:

«Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығы (2020 жылғы 5 мамырдағы №182 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен және толықтыруларымен); «Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы (2020 жылғы 12 мамырдағы №195 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен); «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 қыркүйектегі № 412 бұйрығына; «Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы №216 бұйрығы (2021 жылғы 10 маусымдағы №286 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен); «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 наурыздағы   №137 Қаулысы; «Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің    2017 жылғы 17 тамыздағы №615 бұйрығы; «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығы (2020 жылғы 18 мамырдағы №207 бұйрықпен енгізілген өзгерістерімен);

Тәрбие-білім беру процесін ұйымдастыруда мына ережелер мен ұсыныстар ескерілді:

«Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидалары» (ҚР БҒМ

2018 жылғы 30 қазандағы №595 бұйрығына 1-қосымша)

«Мектепке дейінгі ұйымдарға және сәбилер үйлеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҰР ДСМ-59 бұйрығы;

(Бағаланатын кезеңде әзірленген және білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспарларының көшірмелері қоса беріледі;)

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14235 болып тіркелген) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасына (бұдан әрі – МДТО үлгілік оқу бағдарламасы) сәйкес білім беру қызметін жүзеге асыру, соның ішінде:

  • оқытудың күтілетін нәтижелері түрінде ұсынылған мақсаттар мен

міндеттерге қол жеткізу;

  • қимыл, коммуникативтік, танымдық, шығармашылық, әлеуметтік білім, білік, дағдыларын, өз бетінше үйрену дағдыларын, сонымен бірге аталған білім, білік, дағдыларды ерте жастағы балаларда қалыптастыру;
  • тәрбиелеу мен оқытуға психологиялық-педагогикалық жағдай жасау;
  • мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілерді бастауыш білім беру ұйымдарында оқыту үшін тең бастапқы мүмкіндіктерді құру;
  • мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту және бастауыш білім беру арасында оқыту, дамыту, тәрбиелеу міндеттерін ескеріп, сабақтастық пен үздіксіздік ұстанымдарын қамтамасыз ету;
  • тәрбиеленушілердің жеке және жас ерекшеліктерін ескеріп, оқу қызметіне дайындау;
  • креативтілікті, коммуникативтілікті, сыни ойлауды және командада жұмыс істей білуді дамытуға бағытталған әлеуметтік-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
  • «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұлттық салт- дәстүрлер мен жалпы адами құндылықтарға негізделген рухани-адамгершілік дағдыларды қалыптастыру;

(бағаланатын кезеңде ұйымдастырылған оқу қызметінің (арнайы түзету оқу қызметі) бөлінуін растайтын құжаттардың, күн тәртібі, бекітілген өтпелі тақырыптар мен циклограммаларға сәйкес перспективалық жоспар, оның ішінде жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса беріледі);

 

 

Тәрбие және оқу үрдісі төмендегілерге сәйкес жүзеге асырылады:

  • Өтпелі тақырыптарға негізделген ұзақ мерзімді жоспарға;
  • Циклограммаға;
  • Тәрбиеленушілердің жетістіктерін бақылау (бастапқы, аралық, қортынды) Ұзақ мерзімді жоспарды тәрбиешілер, бір оқу жылына өтпелі тақырыптар негізінде жасайды. Бұл жоспарда, ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы анықталады. Ұзақ мерзімді жоспарда тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту жөніндегі оқу тәрбие тапсырмаларын міндетті түрде орындау көзделген. Ұйымдастырылған оқу қызметін ұзақ мерзімді жоспар мен үлгілік оқу жоспарына сәйкес жасалады. Бұл педагогтерге білім беру қызметін жүйелі және дәйекті түрде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

(бағаланатын кезеңге арналған ұзақ мерзімді жоспарлардың көшірмесі

қоса беріледі)

 

Білім беру үрдісінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес циклограммалар жасалады. Циклограмма – бұл, тәрбиеленушілермен жүргізілетін жұмыс барысының түрлерін, формаларын, қолданылатын әдіс-тісілдердің және уақытты тиімді пайдаланудың нақты нұсқауы болып табылады.

Циклограмма – ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес әр аптаға жасалады, ол, баланы қабылдап алудан бастап оның үйіне қайтқанға дейінгі уақыт аралығында орындалуы тиіс үрдістердің қамтиды.

(бағаланатын кезеңге циклограммалардың көшірмелері қоса ұсынылады)

 

Циклограмманың құрылымы  күн тәртібіне сәйкес түзіледі.

(бағаланатын    кезеңге      күн   тәртібінің көшірмелері      қоса беріледі)

 

3) МДТО үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік кеңістіктік дамытушы орта құру

Балабақшада халық педагогикасы элементтері кеңінен пайдаланылады. Ұлттық тәрбие жүзеге асыру үшін балабақша, қажетті ғылыми әдістемелік және ақпараттық-әдістемелікпен құралдармен қамтамасыз етіліп, өскелең ұрпақты ұлтжандыққа тәрбиелеу үшін қолайлы орта жасалған.

Балалардың ойлау қабылетін, шығармашылығын жан-жақты дамыту үшін психологиялық тренингтер, релаксация, жобалау, әнгімелесу әдістері қолданылады. Оқу тәрбие жұмыстарында алгоритм кестесі, жеке және дербес жұмыстар, интерактивті оқыту шаралары пайдалынылады. Балалар үшін оқулықтар, дидактикалық құралдар жеткілікті. Дамытушы ойындар, дидактикалық, мазмұнды-рөлдік ойындары, қимылды, ұлттық ойындар арқылы балалардың қызығушылығын, шығармашылығын дамытамыз.

Технологиялық, сәулеттік және құрылыстық шешімдер балабақша  ауыл орталығында орналасуымен сипатталады. Білім беру ұйымының аумағы абаттандырылған, қоршалған, жартылай асфальтталған бар. Топтық ойын алаңдарында көлеңкелі шатырлар, құмсалғыштар, әткеншектер және шағын ойын жабдықтары бар. Мұнда жүгіру жолы, өрмелеуге арналған спорттық жабдықтары орын алған жабдықталған спорт алаңы бар. Бүкіл аумақта гүлзарлар егілген.

Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталған. Балабақшаның  іші – сыртында орналасқан 4 камерадан тұратын бейнебақылау жүйесі орнатылған, автоматты өртке қарсы дабылы жүйесі орнатылған, өрт дабылына техникалық қызмет көрсету журналы жүргізіледі, өрт-техникалық зерттеу нәтижесі бойынша акт, бастапқы өрт сөндіру құралдары бар.

Балабақшада  қазақ тілінде оқытылатын 10 топ , орыс тілінде 2 топ бар. Мектепке дейінгі ұйымда оқу-тәрбие жұмысын сапалы ұйымдастыру үшін алға қойылған тәрбиелік міндеттерді шешуге ықпал ететін пәндік-кеңістіктік орта жасалған. Барлық жас топтары дидактикалық оқу құралдарымен жабдықталған. Мұнда оқу ойындары, ойыншықтар, дизайнерлер, театрландырылған іс-шараларға арналған жиынтықтар, рөлдік ойындар, балалар көркем әдебиеті, энциклопедиялар, музыкалық орталықтар, теледидарлар, DVD — ойнатқыштар, педагогикалық процесті жабдықтауға арналған жабдықтар, сонымен қатар әр жас тобында адамгершілік-патриоттық тәрбие беру бұрышы бар.

Білім беру ұйымында кіші жас тобы жұмыс істейді, онда балалардың тез және ыңғайлы бейімделуіне барлық жағдай жасалған. Балалардың түрлі іс-әрекеттеріне жағдай жасай отырып сенсорлық даму бұрышы жабдықталған. Пәндік-дамыту ортасын жобалауда оқу блогында қарастырылған, оқытылатын материалмен байланысы аптаның өтпелі тақырыптарында сәйкестік көрінеді.

Балабақшада техникалық оқу құралдарымен, компьютерлермен жабдықталған. Барлық бөлмелерде интернетке қосылу мүмкіндігі бар. Педагогтар құрамы 100% компьютерлік технологияны меңгерген, интернет ресурстарымен жұмыс істеу дағдылары бар, педагогикалық тәжірибеге заманауи әдістемелік әзірлемелерді енгізе отырып ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланады.

Әдістемелік әдебиеттердің алынуын талдау соңғы үш жылдағы оң үрдісті көрсетеді, бұл мұғалімдердің педагогикалық және кәсіби шеберлігінің, дамушы ортаның сапасын арттыруға ықпал етеді. Мерзімді басылымдарда қос тілдік компонент бар екенін айта кеткен жөн. Жалпы кітап қоры 1034 дана (балаларға арналған көркем әдебиеттер, әдістемелік әдебиеттер, ата-аналармен жұмыс жөніндегі әдебиеттер, арнайы әдебиеттер және т.б.).

Әдістемелік әдебиеттер оқу салалары мен салалық бөлімдер бойынша жүйеленген. Электронды тасымалдағышта оқу бейнематериалы мен фонотека бар.

Балабақшада оқу-материалдық базасы оған мектепке дейінгі білім беру бағдарламаларының және Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарын орындауға, көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Балабақшада  медициналық кабинет, оның ішінде изолятор, екпе кабинеті қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Сондай-ақ білім беру ұйымының ғимаратында заманауи электр жабдықтарымен           жабдықталған     тамақтандыру      бөлімінде: асхана,       тамақ сақтауға арналған қойма бар.

Кір жуатын бөлмеде заманауи кір жуғыш машиналар, төсек-орын, сүлгілер сондай-ақ пайдаланылған төсеніштерді сақтауға арналған орын бар.

(жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай-ақ жабдықтар мен жиһазға жүк құжаттардың көшірмелері және бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдар тізбесінің көшірмелері қоса

беріледі);

 

  • МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің болуы

МЖМБС және МДТО үлгілік оқу бағдарламасының талаптарына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын орындауды қамтамасыз ететін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша білімі бар педагогтердің үлесі 100 пайызға тең:

Оқу мерзіміне қойылатын талаптар:

1) жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау 

Балабақша   елді мекендегі 1-5 жас аралығындағы балаларды қабылдайды.

2017-2018  оқу жылында  325 бала, оның ішінде 1 жасары – 20 , 2 жасары — 89

3 жасары – 101  бала; 4 жасары  — 60 бала ; 5 жасары- 55 бала;

2018-2019 оқу жылында  295  бала, оның ішінде 1 жасары -18 , 2 жасары -94;

3 жасары — 98 бала; 4 жасары  -55 бала;  5 жасары – 30;

2019-2020 оқу жылында 287  бала, оның ішінде 1 жасары – 18 , 2 жасары –  90 бала; 3 жасары – 98 бала; 4 жасары  — 40  бала ; 5 жасары – 41;

2020-2021 оқу жылында  330 бала, оның ішінде 1 жасары -30 , 2 жасары -90

3 жасары – 106  бала; 4 жасары  — 78   бала, 5 жасары-26;

2021-2022 оқу жылында  320 бала, оның ішінде 1-2 жасары- 30 ; 2-3 жасары – 116; 4 -5 жасары – 114 , 5 жасары —  59 бала;